Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды

Опубликовано:

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ресми түрде Қазақстанның президенті болды. Мемлекет басшысы тоғызыншы маусым күні өткен президенттік сайлауда дауыс берушілердің 70,96% даусын жинап, жеңіске жеткен болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында халық таңдаған жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті.

1995 жылдың 26 желтоқсанындағы "Қазақстан президенті" жөніндегі Конституциялық заңға сәйкес, мемлекет басшысы өз қызметіне халыққа ант берген сәтінен бастап кіріседі.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн" , - деп ант берді Тоқаев.

Орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін табыстады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799215-tokaev-resmi-trde-kazakstanny-prezidenti-boldy/

pixel