Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ант қабылдаған Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлықтау рәсімінде не айтты?

Опубликовано:

Бүгін, 12 маусым күні Тәуелсіздік сарайында жаңа сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы конституцияға қол қойып, ант беріп, президент куәлігін алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президентінің ұлықтау рәсіміндегі сөзі
Фото: Алена Бутенко/NUR.KZ: Original

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституцияның 42-бабындағы 1-тармағын сөзбе-сөз оқып шығып, Қазақстан халқы алдында салтанатты түрде ант берді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн",- деді ол.

Сонымен бірге, президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы бойынша қызмет ететінін алға тартты.

"Ашық және әділ жұмыс істеймін. Біздің бір ғана Отанымыз бар, біз халқымыздың болашағы үшін бірге еңбек етеміз. Олардың бәріне бір ғана ортақ мақсат бар - Елбасымыздың жолын, стратегиясын айқындау.
Себебі қазіргі дамыған Қазақстан ең алдымен Елбасының арқасы. Елбасы – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Оның орасан зор еңбегін құрметтеу - әрқашан парыз.

Мен елдің біраз өңірінде болдым. Ең алдымен мен Қазақстанның үшінші модернизациялануы үшін жұмыс істеймін. Басқа сөзбен айтқанда, мен Елбасы стартегиясын жүзеге асыруға жұмыс істеймін.

Үшіншіден, қазақстандық кәсіпкерлерді қолдаймын. Төртіншіден, ел бірлігін сақтап, әр адамның құқығын қорғаймын.

Бүгін әлем жаһанданып жатыр. Бәрі өзгеріп, адамдардың сана- сезімі өзгерді, әсіресе жастар өзгерді.

Мен жаңа кезеңнің келгенін түсіндім. Қандай елдер дамып, қайсысы керісіше артта қалатын айқындайтын кезеңге келдік. Біз әлемге ашықпыз, озық технологияларға ұмтыламыз.

Билік мәлесені сол жерде шешуге, әкімдер оны білуі шарт. Маған жалпы сандар емес, халықтың нақты әл-ауқаты керек.

Күшті президент, халық алдында есеп беретін үкімет – осы ұстанымды ұстанамын.

Халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділдік болуын қалайды. Теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті.

Миллионнан астам азамат банктен несие алуға мәжбүр болды. Осының бәрі халықты мазалайтын сауалдар. Мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар. Сондықтан біз әлеуметтік экономикалық мәселені шешуге жұмыс істейтін боламыз.

Халықтың көкейіндегі келесі өзекті мәселе – халықты сумен қамтамасыз ету. Барлық халық таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі тіис.
Тағы бір мәселе жолдардың сапасы, автожолдардың жағдайын жақсарту. Ол да біздің негізгі мақсатымыз. Сол сияқты цифрландыру барлық саланы қамтуы тиіс. Сондықтан біз Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын одан ары жүзеге асыратын боламыз.

Қазақстанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылады. Оның бірінші отырысы тамыз айында өтеді.

Билік айтқан сөзінде тұруы тиіс. Сөзге сендіре бермей, жұмыс істеу керек... Бұл ретте халықтың барлық талаптары ескерілетін болады", - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799218-ant-kabyldagan-kasym-zomart-kemelly-lyktau-rsiminde-ne-ajtty/

pixel