RU

Президент халықтың тұрмысын жақсарту үшін 9 бағытта жұмыс істемекші

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Онда мемлекет басшысы халықтың тұрмысын жақсарту үшін қандай салаларды жандандырып, қандай шаралар қолға алынатындығын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Тағы оқыңыздар:

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды

Мемлекет басшысы: Сөзге сендіре бермей, жұмыс істеу керек

Тоқаев: Саяси көзқарас пен ұстанымдар үшін халықтың бөлінуіне жол бермеймін

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ел дамуының нақты тоғыз бағытын айқындады:

  1. "Бірінші бағыт – халықтың табысын арттыру.
  2. Екінші бағыт – сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны жою.
  3. Үшінші бағыт – сот жүйесін реформалау, сот әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс.
  4. Төртінші бағыт - жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту.
  5. Бесінші бағыт – тұрғын-үй мәселесін шешу.
  6. Алтыншы бағыт - адам капиталын дамыту.
  7. Жетінші бағыт - өңірлерді дамытудың жаңа бағдары.
  8. Сегізінші бағыт – Рухани жаңғыру құндылықтарын насихаттау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге ұмтылу.
  9. Тоғызыншы бағыт – көп векторлы саяси бағытты ұстана отырып, ұлттың мүддесін қорғау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799228-tokaev-halykty-trmysyn-zaksartu-sin-9-bagytta-zmys-istemeksi.html