Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 6 жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Опубликовано:

Алакөл ауданындағы елдімекендердің бірінде алты жасар қызды зорламақ болды деген күдікпен 25 жастағы жігіт тұтқындалды. Бұл туралы Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысында 25 жастағы жігіт алты жасар қызды зорламақ болды
Фото: Витебский Курьер: Facebook

Ер адам қыз баланы емдік шөп жинаймыз деп алдап, ауыл шетіне шығарған.

Ол өзінің арам ойын іске асырмақ болғанда, жеткіншек шу көтереді. Абырой болғанда, оның дауысын ауыл тұрғыны естіп, жүгіріп келген.

53 жастағы тұрғын педофилді ұстап, полицейлер шақырған. Ол тәртіп сақшылары келгенше ер адамды жібермей ұстап отырған.

Күдікті Алакөл ауданының полиция бөлімшесіне жеткізіліп, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1799231-almaty-oblysynda-6-zasar-kyzdy-zorlamak-bolgan-pedofil-staldy/

pixel