RU
Шымкенттегі жарылыста зардап шеккен 20 жастағы жігіт көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттегі жарылыста зардап шеккен 20 жастағы жігіт көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі жойқын жарылыстың салдарынан денесінің 98 пайызын күйік шалған 20 жастағы жұмысшы қайтыс болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: rock-cafe.info

Фото: rock-cafe.info

Мамандар денесінің басым бөлігін күйік шалған ер азматты құтқару мүмкін болмады деп отыр.

"Зардап шеккен азамат кеше кешкісін қайтыс болды. Өрттен оның мойын тұсы мен бетін, екі қолын үшінші және төртінші дәрежелі күйік шалған. Жарақаты ауыр болған науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Денесінің басым көпшілігін күйік шалғандықтан оның өміріне араша болып қалу мүмкін болмады", - деді Шымкент қалалық гипербариялық оксигинация орталығындағылар.

Еске салсақ, 7 маусым күні Шымкенттегі Тассай елдімекенінде газ цистерналары жарылып, жойқын жарылыс орын алды.

Сондай-ақ, жанар-жағармай құю бекеті маңындағы 80 және 70 текше метр көлеміндегі автоцистерналар жарылғаны белгілі болған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдай департаментінің 21 арнайы техникасы мен 90 қызметкері жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 20 жастағы жігіттің денесін 98 пайыз күйік шалып, дереу ауруханаға жеткізілген болатын.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel