RU
Тоқаев: Маған құрғақ сандар емес, халықтың әл-ауқаты жақсарғаны керек
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев: Маған құрғақ сандар емес, халықтың әл-ауқаты жақсарғаны керек

Рассказать Вконтакте

Елордада өткен жаңа сайланған прездиентті ұлықтау рәсімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһанмен бірге адамдардың да өзгергеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істейтінін қадап айтты. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тоқаев: Маған құрғақ сандар емес, халықтың әл-ауқатының жақсарғаны керек

Қасым-Жомарт Тоқаев. Тікелей эфирден кадр

Тағы оқыңыздар:

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстан президенті атанды

Президент халықтың тұрмысын жақсарту үшін 9 бағытта жұмыс істемекші

Тоқаев: Саяси көзқарас пен ұстанымдар үшін халықтың бөлінуіне жол бермеймін

Тоқаев өз сөзінде әлемде өзгерістер орын алып жатқанын мәлімдеді.

«Бүгінде жаһан өзгеріп жатыр. Бәрі өзгеруде, адамдардың сана сезімі өзгерді, әсіресе жастар өзгерді.

Мен жаңа кезеңнің келгенін түсіндім. Кейбір елдер дамып, кейбірі керісінше артта қалатын кезеңге келдік.

Біз әлемге ашықпыз, озық технологияларға ұмтыламыз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол билік пен әкімдер мәселені тез арада, сол жерде шешуі тиіс екенін айтты.

«Билік мәлесені сол жерде шешуі тиіс, әкімдер оны білуі шарт. Маған құрғақ сандар емес, халықтың нақты әл-ауқатының жақсарғаны керек», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
11
1
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel