Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тексеріп келген мемқызметшіге дастархан жайғандар қатаң жазаға тартылмақ

Опубликовано:

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бастықтарға дастарқан жаю "дәстүріне" қарсы күрес шараларын бастады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бастыққа дастархан жайғандар жауапқа тартылатын болды
Көрнекі сурет:bagnet.org: Facebook

Ақмола облыстық департаменті таратқан мәліметке бойынша, арнайы кеңесте өңірлерге іс-сапармен баратын мемлекеттік қызметшілерге қатысты барлық ақпаратты ресми сайттарда жариялау мәселесі көтерілді.

Ол ақпараттың ішінде алдағы іс-сапарлардың кестесі ғана емес, шағым түсіретін телефон нөмірі де болуы қажет. Яғни, мемлекеттік қызметшінің үстінен шағым түсіруге болады.

"Ауылға немесе ауданға тексеріс мақсатымен баратын кез келген мемлекеттік қызметшіге іс-сапар ақшасы беріледі. Ол осы ақшасын жұмсамай, өз шығындарын күтіп алушылардың есебінен жапса, ондай әрекеттер қылмыстық заң бұзушылық болып саналады. Барлық шығынды іс-сапар ақшасынан төлеп, сыйлықтарды ғана емес, қонақүй мен билеттерді өтеп беруге қатысты ұсыныстарды қабылдамауы тиіс. Мерекелік дастарқандарға да қатыспаған жөн", - деді департамент директоры Берген Беспалинов.

Департмент басшысы ондай "ұлттық қонақжайлылыққа" бастамашы болатын адамдарға де ескерту жасады. Оның айтуынша, жергілікті басшылар өз жұмысын дұрыс атқармайды.

Содан кемшіліктерді жасырамыз деп, ауданға келетін тексерушілердің алдында құрдай жорғалайды. Онымен қоймай, қол астындағы қызметкерлеріне ақша жинатып, дастарқан жаюға мәжбүрлейді.

"Ашығын айту керек, кейбір тескерушілер үшін аймаққа жасаған іс-сапар кәдімгідей тойға айналады. Оларды тамақтандырады, асты-үстіне түсіп, қызмет көрсетеді.
Ондай фактілер анықталса, тексерушілер ғана емес, оларға қызмет көрсеткендер де қатаң тәртіптік жазаға тартылады. Тіпті жұмыстан шығару шарасын қабылдаймыз.
Негізі заңды бұзбайтын және өз жұмысын жақсы істейін мемлекеттік қызметшіге біреудің алдында жүгіріп, қызмет көрсетудің қажеті жоқ", - деп атап түйіндеді Беспалинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799264-bastykka-dastarhan-zajgandar-zauapka-tartylatyn-boldy/

pixel