RU
"Рамос пен Мбаппені артта қалдырды": Исламхан аптаның үздік ойыншысы атанды
Жаңалықтар Спорт

"Рамос пен Мбаппені артта қалдырды": Исламхан аптаның үздік ойыншысы атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан SofaScore сайтының нұсқасы бойынша аптаның үздік ойыншысы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Исламхан. Фото: kazfootball.kz

Бауыржан Исламхан. Фото: kazfootball.kz

Футболшы аптаның үздік 11 ойыншысы қатарына кірді.

Қазақстандық шабуылшы 10 балдық көрсеткіштен ең жоғарғы нәтиже көрсетті.

Исламхан осы көрсеткіші арқылы Серхио Рамос пен Килиан Мбаппе сынды әлем жұлдыздарын басып озды.

Сондай-ақ, үздіктер қатарына Қазақстанның тағы ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев та ілінді. Оның көрсеткіші 9,2 балды құрады.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойында Исламхан мен Сүйімбаев жасыл алаңда ерекше көзге түсті. Екі футболшы да бір-бір голдан соғып, бір нәтижелі пас берді.

Еске сала кетсек, 11 маусымда "Астана-арена" стадионында Қазақстан Сан-Мариноны қабылдады.

Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында өткен матчта ұлттық құрама қарсыластарын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel