RU
Елордалық тұрғын докторлық диссертация жазғызамын деп оңбай алданып қалды

Елордалық тұрғын докторлық диссертация жазғызамын деп оңбай алданып қалды

Рассказать Вконтакте

Семейлік азаматқа докторлық диссертация жаздырмақ болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алданып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: textexpert.ru

Көрнекі фото: textexpert.ru

10 маусым күні Семей қаласының полиция басқармасына астаналық әйелден арыз түскен.

43 жастағы елорда тұрғыны өзі дұрыс танымайтын адамға докторлық диссертация жаздыру үшін 1,5 млн теңге ұстатқан. Алайда, уәдені үйіп-төккен азамат қолына ақша тиген күні-ақ телефонын сөндіріп, хабарсыз кетіпті.

"Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel