RU

Алматы облысында алты жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Алматы облысында 11 маусым күні алты жасар қызға шабуыл жасаған педофил ұсталды. Балақайды ауыл шетіне апарып, зорламақ болған азамат жергілікті тұрғынның арқасында қолға түскен. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: ok.ru
Көрнекі фото: ok.ru: Facebook

25 жастағы еркек қызға дәрілік шөптерді жинауды ұсынып, ауыл шетіне апарған. Арам пиғылды азамат бүлдіршіннің киімін шеше бастағанда ол шыңғырып жіберген.

Осы мезетте дауысты естіген жергілікті тұрғын кішкентай балақайға көмекке жүгірген.

Бірден полицейлерді шақырған ол күдіктіні ұстап тұрыпты. Абырой болғанда, педофил қызға тиісіп үлгермеген.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сот алды тергеу жұмыстарын бастады.

Полицияда күдіктіні ұстауға көмектескен тұрғынды мадақтайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799279-almaty-oblysynda-alty-zasar-kyzdy-zorlamak-bolgan-pedofil-staldy.html