RU
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы Головкинге үш боксшымен жұдырықтасуды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы Головкинге үш боксшымен жұдырықтасуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге келесі жекпе-жегі үшін үш қарсыласты ұсынды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"GGG шаршы алаңға ерекше орала білды. Оның келесі қарсыласы кім болады?" , - деп жазды WBC Twitter желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар қауымдастық өз тарапынан Головкинге үш қарсыласты ұсынған.

Олар WBC, WBA Super және IBF чемпионы Сауль Альварес, WBC уақытша чемпионы Джермалл Чарло және WBO чемпионы Деметриус Андраде.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Канадалық боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болса, GGG 39-шы рет қарсыласынан басым түсті. Оның 35-інде Головкин нокаутпен жеңген.

Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарады.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
7
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel