RU
Әнші Венера Қармысова қайтыс болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әнші Венера Қармысова қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Венера Қармысова 2019 жылы 10 маусымда қайтыс болды. Әнші 83 жасында ауырып көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жасай бер қазақ видеосынан кадр

Жасай бер қазақ видеосынан кадр

Әртіс 1936 жылы 22 мамырда Алматы қаласында танымал театр және кино актері Камал Қармысовтың жанұясында өмірге келді.

Венера Қармысова ҚазССР-дің еңбек сіңірген әртісі болып табылады.

Ол еңбек жолын ҚазССР-дің мемлекеттік хорында бастады.

Өнер иесі ұзақ жылдар Қаз ССР-дің Мемтелерадиосында әнші болып қызмет атқарды.

Венера Камалқызы атақты композиторлар Шәмші Қалдаяқов және Әсет Бейсеуовтың шығармаларынан көптеген композициялар орындады.

Ол 10 жыл Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде эстрада-вокал пәнінен дәріс оқыды.

Көптеген еліміздің әншілері Венера Қармысованың шәкірттері болып табылады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel