RU
Әблязов хабарлаған митинг Нұр-Сұлтанда өткен жоқ (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Әблязов хабарлаған митинг Нұр-Сұлтанда өткен жоқ (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 12 маусым күні Қазақстанда тыйым салынған "ДВК" ұйымының негізін қалаушы Мұхтар Әблязовтың әлеуметтік желілерде таратқан хабарландыруы бойынша Нұр-Сұлтанда санкцияланбаған акция өтуі тиіс еді. Алайда митинг өткізілмеді деп хабарлайды Zakon.kz-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sxodim.com

Фото: sxodim.com

Бұған дейін атап өтілгендей, қашқын олигарх пен оның жақтастары наразылық білдірушілерге Республика көшесінде, Жастар сарайына жақын орналасқан жерде көлік сигналын қосып жүріп өтуге шақырған.

Осылайша олар келіспейтінін жеткізгісі келген, алайда нақты немен келіспейтінін атап көрсетпеді.

Содан кейін жұртшылық алаңда жиналады деп жоспарланған. Алайда олай болған жоқ.

Басылымның сөзінше, кешкі сағат 6-да көліктер расымен де сигналдарын қосқан. Алайда одан арыға бармаған. Бәрі аяқталды.

Тек бірнеше адам белгіленген жерге келген. Республика көшесі ашық, желі бар.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel