RU
Алматыда митингке шақырған арандатушылар ұсталды (фото, видео)

Алматыда митингке шақырған арандатушылар ұсталды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының орталығында санкцияланбаған митингке шақырған бірнеше адам ұсталды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Басылымның мәліметінше, Абай даңғылы бойында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының жанында 15-20 арандатушы ұсталды.

Құқық қорғау органдары дер кезінде әрекет етіп, бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды.

Оқиға орнына келген адамдар айналасындағылардың, полицейлердің және БАҚ қызметкерлерінің арасында арандатушылық туғыздырғысы келген. Алайда тілшінің сөзінше, олардың арандатшылық әрекеттері "іш пыстырарлықтай" болды.

"Репортерлер хабарланған тәртіпсіздіктерді іздестірген, алайда таппады", - деп атап өтті оқиға орнында болған автор.

Сондай-ақ, бейнежазбада "митингке шыққан азамат" адамдарды "еркек" болуға шақырған, дегенмен ол да сәтсіз үндеу болды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз
40
3
1
5
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel