Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүргізушіге "шектен тыс сұлулығы" үшін айыппұл салған полицей жұмыстан қуылмақ

Опубликовано:

Уругвайлық Пайсанду қаласында жол полициясының қызметкері жүргізуші әйелді тоқтатып, оған "шектен тыс сұлулығы" үшін айыппұл салды. Бұл туралы news.bigmir.net сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: yaplakal.com
Фото: yaplakal.com: UGC
Офицердің сөзінше, әйел адам ортақ жолды пайдаланатындай шектен тыс сұлу болған. Бойжеткен жол полициясы қызметкерінің ойын дұрыс түсіну үшін протоколдың астына "Мен сені сүйемін" деп жазып қойған.

Ару айыппұлды суретке түсіріп, әлеуметтік желілердегі парақшаларына салған. Полицейдің басшылары мұндай жаңалыққа бірден әрекет етті.

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде. Егер офицер тәртіп бұзғаны үшін кінәлі деп танылса, жұмыстан шеттетіліп немесе лауазымы төмендеуі мүмкін. Тіпті, жұмыстан босау қаупі де бар.

Өкінішке орай, әйел адамның "махаббат айыппұлын" қалай қабыл алғаны анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1799333-zrgizusige-sekten-tys-slulygy-sin-ajyppl-salgan-policej-zmystan-kualmak/

pixel