RU
Қарағандыдағы Сафари-саябағы әткеншектегі бала өлімінен кейін жабылды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыдағы Сафари-саябағы әткеншектегі бала өлімінен кейін жабылды

Рассказать Вконтакте

Жеті жасар қыздың өлімінен кейін сауда орталығындағы сафари-саябағының қызметі тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: rubic.us

Фото: rubic.us

Сафари-саябақ аттракциондар және басқа да қондырғылардың құжаттарын тексеру кезінде өз қызметін уақытша тоқтатты. Мекеме әзірге жұмыс істемейді.

Мекеме әкімшілігі бұған дейін мұндай төтенше жағдайлар ойын-сауық орталығында болған жоқ деп атап өтті.

"Қайтыс болған қыз үлкен әпкесімен ойын-сауық орталығында ойнаған. Ол жеті жасар қызды әткеншекте ойнатқан, сол сәтте балақай өзін нашар сезінген. Әкімшілік жедел жәрдем келгенше балаға барлық қажетті көмек көрсетті. Біз оған жасанды тыныс алуды жасадық", - деді "Таир" сауда үйінің әкімшісі Людмила Качаненко.

Бала өлімінің алдын ала себебі - тыныс алу жолдарының асфиксия болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, 11 маусымда Қарағандыда сауда үйінің аумағында 7 жасар бала әткеншектен құлап, көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сотқа дейінгі іс жүргізу ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлімі "адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтер көрсету" бойынша басталды.

Тергеуші қазіргі уақытта әткеншектерді пайдалану жөніндегі құжаттаманы алуда.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel