RU

Оралда жолаушылары бар автобус өртке оранды

Оралда жанармай стансасының маңында 22-ші бағыттағы жолаушылар автобусы өртке оранды. Салонда ондаған жолаушы болған. Төтенше жағдай орнына жедел келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндіре алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны
Оқиға орны: UGC

Төтенше жағдайлар департаментінде 12 маусым күні сағат 19:30-да Еуразия даңғылында автобустың моторлы бөлігі өртенгені хабарланған.

Жолаушылар қоғамдық көліктен бірден шығып кетті.

"Автобус 5-7 минутта жанып кетті. Жағдайды ЖМС-ның жақын орналасуы одан әрі қиындатты. Өрт орнында арнайы техниканың көмегімен өрт сөндіру қызметінің бес қызметкері жұмыс істеді. Олар қауіп-қатерді жедел түрде жойып, отты сөндірді", - деп атап өтті БҚО ТЖД бас маманы Нұралы Мусиев.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қазіргі уақытта шығын сомасы мен жану себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799335-oralda-zolausylary-bar-avtobus-rtke-orandy.html