RU
Павлодарда көшеге серуенге шыққан әжей алтын сырғасынан айырылып қалды

Павлодарда көшеге серуенге шыққан әжей алтын сырғасынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодарлық полицейлер серуенге шыққан қарт әжейдің сырғасын шешіп алған қылмыскерді "ізін суытпай" ұстады. Күдіктіні тұтқындау сәті облыстық ПД ВКонтакте парақшасында жариянланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: .zolotoy.ru

Көрнекі фото: .zolotoy.ru

Белгілі болғандай сенбі күні 87 жастағы зейнеткер сағат бестер шамасында көшеге серуендеуге шыққан.

Біраз жүрген соң, басқа зейнеткер әйелдермен кездесіп жүретін Назарбаев даңғылы бойындағы 6/1 үйдің ауласына барады. Алайда, кездесу орнында ешкім болмаған, бірақ орындықта азиялық түр сипаттағы, қара түсті киінген белгісіз ер адам отырған.

Біршама уақыттан соң зейнеткер үйге оралуды жөн көреді. Орындық жанынан өткен сәтте ер адам әлі сол жерде отырады. Қарт әйелді көрген ол жанына отыруды ұсынады, бірақ зейнеткер бас тартып өз үйіне бет алады. Сәл уақыт өткен соң қарт әйелдің арт жағынан біреу бас салады. Белгісіз біреу құлағынан тартып алтын сырғаны шешіп алмақшы болады. Айғайлаған әйел артына бұрылмақшы болады, алайда, ер адам бір сырғаны жұлып үлгеріп қаша жөнеледі.

Сол мезетте зейнеткер ол еркектің осыған дейін орындықта отырған адам екенін байқайды. Жанынан өтіп бара жатқан әйел айғайды естіп полиция шақырады. Қылмыскер алысқа ұзап үлгермеген.

"Оқиға орнына жақын маңдағы автопатрульдер жөнелтілді. ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен Мұғаділова Құралай қылмыскерді бақылай отырып оның жүрген жері туралы ақпаратты автопатрульге баяндайды. Ақпарат бойынша тонау бойынша күдіктелген белгісіз ер адам көрші үйдің ауласында "ізін суытпай" полицейлермен ұсталды. Алтын сырға тәркіленіп алынды", - деп хабардар етті ПД.

Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel