RU
Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасын бұғаттап тастады

Головкиннің әлеуметтік желідегі парақшасын бұғаттап тастады

Рассказать Вконтакте

Twitter микроблог сервисі қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің парақшасын уақытша бұғаттап тастады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

GGG парақшасына кіру кезінде "Есептік жазба қызметі тоқтап тұр" деген ескерту пайда болады.

Бұғаттаудың себебі ретінде "қызметті пайдалану ережелерін бұзу" деп көрсетілген.

Бұрынырақ осыған ұқсас жағдай британдық боксшы, ауыр салмақта өнер көрсететін былғары қолғап шебері Тайсон Фьюриде де тіркелді.

Онда парақша хакерлердің құйтырқы әрекеті арқылы бұғатталғаны айтылды.

Еске сала кетсек, 9 маусым күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешінде Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Канадалық боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болса, GGG 39-шы рет қарсыласынан басым түсті. Оның 35-інде Головкин нокаутпен жеңген.

Отандасымыздың канадалық боксшыны құлатқан сәтінің видеосы желіде тарады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel