Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда белгілі университеттің жалған дипломдары 280 мың теңгеге сатылып жатыр

Опубликовано:

Хабарландыру сайтында жоғарғы оқу орнын бітіру туралы дипломдар сатылымға қойылған. Құжаттың бағасы төрт жыл университетке кеткен ақшадан әлдеқайда арзанырақ деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: 31 арна
Видеодан кадр: 31 арна: Depositphotos

Сайтта тіркелген Андрей есімді сатушы Алматы қаласында тұратынын, "Тұран" университетінің кез келген мамандығы бойынша диплом алып бере алатынын айтты.

Ол осы қызметі үшін алдын ала төлемге 80 мың теңге мен құжаттар сұрайтынын алға тартты.

Андрейдің сөзінше, дипломды базаға тіркемей дайындау уақыты 7 мен 15 күннің аралығын құрайды.

Ол дипломның бағасы 280 мың теңге болатынын айтты.

Сатушы жалған дипломды базаға тіркеу 2-3 ай алатындығын, құны 600 мың теңге тұратындығын алға тартты.

Бұл мәселені "Сарыарқа - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі көтерді.

Қызметкерлер сатушымен тілдесіп, дәлелдер жинастырғанын айтты.

Олар енді тиісті мәліметтерді құқық қорғау органдарына тапсыратындарын алға тартты.

"Сарыарқа - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мамандары осы жоғарғы оқу орнының назарға алынуы таңғаларлық жағдай еместігін жеткізді.

"Мектепте, университетте бәрі сатылатын болса, біз кішкентай баланың сана сезімін қалай өзгертуге тырысамыз. Бұл жүйені сындырғымыз келеді.
Дипломдар сатылмас үшін, мұндай фактілер болмас үшін тұрмыстық жемқорлықты жою керек", - деді "Сарыарқа - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Малика Күсенбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799371-almatyda-belgili-universitetti-zalgan-diplomdary-280-my-tegege-satylyp-zatyr/

pixel