RU
"Өмірдің соңы деп ойладым: Байзақова алғашқы тойының неліктен болмай қалғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өмірдің соңы деп ойладым: Байзақова алғашқы тойының неліктен болмай қалғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Атышулы Айжан Байзақова Бейбіт Әлібековке сұқбат берді. Жуырда болған жалған тойы жайлы әңгіме қозғаған бойжеткен, осыдан бірнеше жыл бұрын жоспарланып, алайда белгілі бір себеппен болмай қалған шынайы тойын еске алды. Сол кездегі оқиға арудың өмірін түбегейлі өзгерткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Әлібековке берген сұқбатында Байзақова 18 жасында кездестірген алғашқы жігіті туралы әңгімеледі. Оның сөзінше, сол адаммен айырылысқаннан кейін ол түгелдей дерлік өзгерген.

"Байзақованың кейпі - ластық пен тұрпайылық. Бірақ мен туа бітіп сондай болған жоқпын ғой. 18 жасымды мен мүлде басқа адам едім. Ол кезде мен жай ғана тірі жан едім. Оған тұрмысқа шығып, үш бала туып, бетіне қарап отыруды ғана арман еткем", - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Айжанның сөзінше, жігіт оған ашық киініп, түнгі клубтарға баруға тыйым салатын. Осылайша ғашықтар үш жыл жүріп, отбасын құрмақ болған.

"Біз тойға дайындалып жүрдік, алайда, қарым-қатынасымызда кішігірім келеңсіз оқиға орын алды. Біз оған көне алмадық, тойға бір апта қалған", - деп баяндады Байзақова "кішігірім келеңсіздіктің" не екенін нақтыламай.

Жүргізуші айырылысуға опасыздық себеп болды ма деген сұрақ қойған еді.

"Опасыздық - қорқынышты дүние емес. Бұл қалыпты жағдай", - деп күтпеген жерден қосты ол.

Тойдың шырқы бұзылғаннан кейін, бойжеткен аяқ асты Грузияға билет алып, алғаш рет өзі жалғыз басқа мемелекетке ұшып кеткен. Дәл сол кезде оның денесінде бірінші татуировака пайда болған.

"Ол кезде мен мұны өмірдің соңы деп ойладым, себебі бұл масқара еді. Ал ол жақта мен бұл жағдайдың түкке тұрғысыз екенін түсіндім. Сол сәтте менің өмірім өзгерді", - деді Байзақова.

Айта кетерлігі, Грузиядан оралғаннан кейін олар сол күйі көріспеген.

"Ол менің алғашқы ер адамым еді. Мен оны түкке тұрғысыз адам демеймін, бірақ ол әлсіз азамат. Ол адам қиындықты бірге өткере алатындай қатты сүймеген. Мен бәріне дайын едім, ал ол "жоқ" деді", - деп еске алды актриса.

Сондай-ақ, сәтсіз тойдан кейін Байзақова бірнеше пластикалық ота жасатқан. Ол мұны жасырмайды. Ару ерні мен кеудесін үлкейтіп, қабағын өзгерткен. Сонымен қатар, беттегі майларды алдыртып тастаған. Алайда мұрнының пішінін өзгертті деген ақпараттың жалған екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel