RU
"26 жасқа толар еді": Бүгін Денис Теннің туған күні
Жаңалықтар Қоғам

"26 жасқа толар еді": Бүгін Денис Теннің туған күні

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 13 маусым қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні. Спортшы көзі тірі болғанда 26 жасқа толар еді. Желі оқырмандары Қазақстанның талантты ұлдарының бірі, Олимпиада жүлдегері, Азия чемпионын еске алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денис Тен 1993 жылы Алматы қаласында өмірге келді. Ол - Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Спортшы конькимен мәнерлеп сырғанаудан бөлек, басқа спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне де барған.

Ол кішкентай кезінде музыкаға әуес болып, хорға қатысты.

2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы хор олимпиадасында күміс медальға ие болды.

Спортшы кейіннен мәнерлеп сырғанаумен біржола ауысты.

2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде Денисті Елена Буянова байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады.

Нәтижесінде, ол 2006 жылы ересектермен сайысқа түсіп, Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Спортшы халықаралық жарыстарға 2010 жылдан бастап шыға бастады.

Денис Тен 2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы.

Сондай-ақ, ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы және Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Желі қолданушылары спортшыны бүгін туған күні екенін ұмытпай оны еске алуда.

"Сəлем. Сен кеткелі тым ұзақ уақыт. Бұл əлем тым бос тұр", - деді оқырманның бірі.

Әнші Али Оқаповтың фанпарақшасы да спортшыны туған күнімен құттықтады.

Спортшының шетелдегі жанкүйері де парақшасында әсерлі жазба қалдырды.

"Туған күніңмен, махаббатым менің. Мен сені жүрегіммен жақсы көремін", - деп жазды олар.

"Бүгін сенің күнің. Біз сені жақсы көреміз және ешқашан ұмытпаймыз", - деді желі қолданушысы.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 19 маусымда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Артынша, спортшының өліміне күдікті ретінде ұсталды. Олардың бірі Жамбыл облысының тұрғыны Нұралы Қиясов болса, екіншісі Қызылорда облысының азаматы Арман Құдайбергенов болып шықты.

Кейінірек екі азамат та өз қылмыстарын мойындап, Денис Тенді танымағандарын айтты.

Спортшы 21-ші шілде де жер қойнына тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
12
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel