RU
Балалары мен әйелі бір күнде тастап кеткенін айтқан қария жанайқайын жеткізді

Балалары мен әйелі бір күнде тастап кеткенін айтқан қария жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылының тумасы Мергенбай Ақбергенов немере сүйіп, балаларының қызығын көретін жасқа келгенде төрт қабырғаға қамалып, жалғыз қалғанын жеткізді. Ақтөбелік тұрғынның қиын тағдыры KAZ.NUR.KZ тілшісі тыңдап қайтты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мергенбай қария 2013 жылы 24 жастағы баласы жаман аурудан көз жұмғанын айтады.

"Бес баламның ішіндегі ерекшесі еді. Ұлым бала кезден ауырған екен. Оны кеш білдік. Әскери борышын Өскеменде өткізді. Ыстық жақта ауруы асқынып кеткен. Еті сүйегінен ыдырап, қатты қиналды. Отбасыммен араздық сол балам ауырған кезден басталды. Айғайдың басы "аяғын кесуге рұқсат бердің" дегеннен шықты. Дәрігерлер аяқты кеспесе удың жайылып кететінін айтқаннан кейін амал болмады", - дейді ол.

Ақсақал ұлының садақасын өткізгеннен кейін отбасының бір күнде көшіп кеткенін алға тартты.

"Ол баладан бөлек үш қызым мен тағы бір ұлым бар. Қыздарым тұрмыста. Ұлым шешесімен бірге. Кемпірім 60 жасқа таяғанымда мені тастап кетті. Бала қайтыс болған күні-ақ әйелім теріс айналды. Мүмкін кезінде қаталдау да болған шығармын. Отбасыма жамандық ойлаған емеспін. Балаларым өсті, Алла жеткізді ғой деп қуанып жүргенімде жалғыз қалдым.
Ұлымның қырық күндік садақасын бергеннен кейін олар қалаға көшіп кетті. Төрт қабырғаны күзетіп өзім қалдым. Қайынбикем әйелімді азғырып алып кетті. Ол адам 25 жыл бойы біздің айрылғанымызды тіледі", - дейді ақсақал.

Қария қазіргі жалғыздықтың зардабын ғана емес, қарызға батып, жоқшылықтың қиындығын да көріп отырғанын атап өтті.

Ол кіші қызы несие алғызғанын, оның қарызы бірнеше есеге өскенін ашып айтты.

"Бір жылдан кейін 1996 жылғы кіші қызым "Әке, біз сені тастамаймыз" деп қасына азаматтық некеде тұратын ер адамымен ертіп үйіме келді. Қызым сол кезде 18 жасқа толмаған. Қасындағы ер адам 42-ге келген. Олар маған "Үй алуға көмектесіңіз" деп несие алғызды. Алған ақшаларын қайтаратынын айтып, қолхат жазып берді. Кейін ақшамды қайтармастан 40-тан асқан күйеу бала сымағым үйге келіп жатып алды.
Қазір үй де жоқ, ақшада жоқ. Оларды сотқа бердім. "Маған ештеңе жасай алмайсың" деп өзіме қарсы шыға бастады. Соңында ақшаны да қайтармай, қызымды тастап кетті. Содан бері бес жыл уақыт өткен. Олар алған 300 мың теңгеден аса қарыз 893 мың теңгеге жетті. Қазір 40 мың теңге жалақымның жартысынан астамымен солардың несиесін жауып отырмын", - дейді Мергенбай Ақбергенов.

Ақтөбелік тұрғын қызының басқа адамға тұрмысқа шыққанын жеткізді.

"Кейде "не жаздым?" екен деп налимын. Өзім ішімдік ішпеймін. Тек шылым шегетінім бар. Орта жолда қатының тастаған қиын екен. Балаларым туралы не дерімді де білмеймін. 20 жастарына дейін бағамын, одан кейін мен оларға әке болмай қаламын. Бұл әділетті ме?", - деп сөзін қорытындылады қария.
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
21
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel