RU
Евгения Бухинская: Жігер талантты жеңеді
Жаңалықтар Nur қалай жұмыс істейді

Евгения Бухинская: Жігер талантты жеңеді

Рассказать Вконтакте

Rabotanur.kz job-қызметінің сату жөніндегі аға менеджері Евгения Бухинская IT-компаниядағы мансапқа жету тарихымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Евгения Бухинская

Евгения Бухинская

Бала күнімде биолог болуды армандайтынмын. Менің анам орқытушы, сол себепті бала күнімнен микроскоп пен пробирканың айналасында өстім. Мектепте қызығушылықтарым өзгерді. Физика-математикалық лицейде оқыдым. Сол жерде физикаға басымдық беріп, сол саламен өмірімді байланыстырғым келді.

Жоғарғы оқу орнын да сәйкесінше таңдап алдым. Алматы энергетика және байланыс университетінде білім алдым. Университеттің көмегімен жауапты болып, адамдарды тани бастадым. Өзімнің қандай адам болғым келетінін түсіндім.

Өкінішке орай, төртінші курста кәсібіме деген қызығушылық жоғалды, адамдармен қарым-қатынас жетіспеді. Оқуды тәмамдай сала сату бөлімінің менеджері жұмысын іздестіре бастадым. Себебі, дәл осы мамандық диалог жүргізуге негізделген. Сол кезде мен алғаш рет Rabotanur.kz job-қызмет көрсету туралы білдім. NUR.KZ IT-компаниясына өтінім тастап, жауап алдым.

Мен сұхбаттасудың бірнеше кезеңінен өттім. Толқыдым, бірақ қызығушылық басым болды. Компанияда 2,5 жыл жұмыс істеп келемін .Осы уақытта көпетеген дүние жақсы жаққа өзгерді.

Евгения, сұхбат туралы нақтырақ айтып өтіңізші, алдағы жұмысыңыз қалай өрбіді?

NUR.KZ IT-компаниясы қызметкерлерді өте мұқият таңдауға тырысады. Сұхбаттың әр кезеңінде сен команданың әр мүшесімен кездесіп шығасың. Олар жұмыс пен оқуға, қызығушылықтарға, жеткен жетістіктер мен болашққа деген мақсатқа байланысты сауалдар қояды. Үміткер өзінің сатылым саласына келгенін, бұл жерде жай ғана қоңырауларға жауапп беріп отырмайтынын түсінуі қажет.

Жұмыс беруші танысу кезінде: Үміткердің мектеп пен университеттегі оқу үлгерімі, қызығушылықтары, өмірге деген мақсаттары, күйзеліске төзімділігі, қазақ және орыс тілдерінде сауатты сөйлеуі, жауапкершілігі секілді критерийлерге баса назар аударады.

Жетекшіңізді өмірдің түрлі салаларында нақты қол жеткізген табыстарыңыз қызықтырып қалуы мүмкін. Мәселен, мен мектепте математика бойынша олимпиада жүлдегері болғанмын. Менің қалалық және республикалық деңгейдегі жүлделерім бар.

Евгения Бухинская

Евгения Бухинская

Мен Францияда Қазақстанның намысын қорғап шығу үшін "Көбелек әсері" зерттеу жобасына дайындалған кездерім өмірімдегі ең есте қаларлық сәттердің бірі. Сәйкесінше жүлделің орын маған физика мамандығы бойынша кез келген жоғарғы оқу орнын таңдауға мүмкіндік берді.

Алайда мен мектепті "өте жақсы" деген бағаға бітіріп, 125 балды иеленген соң, бұған мұқтаж емес едім. Мен компанияға ешбір тәжірибесіз келдім. Бірақ бұл менің одан бетер ұшталып, өз саламның маманы болуға септігін тигізді.

Ең бастысы - жігер мен көп жұмыс істеуге деген құлшыныс. Егер сен расымен де алдыға дұрыс мақсат қойып, оған жету барысында жақсы жақтарыңды дамытсаң, міндетті түрде жақсы нәтижеге қол жеткізесің. Бұл жерде сенің қаншалықты талантты екенің маңызды емес.

Жұмысқа кірісе сала қызметтестерімнің өз міндеттеріне деген қарым-қатынасы мені таңғалдырды. Олар сатып алушылармен кәсіби түрде байланыс орнатты.

Алғаш рет маған RabotaNur.kz сайтына бұрыннан жүктелмеген бос орындар базасын ретке келтіруді тапсырылғаны есімде. Басында бұл мені жігерлендірмей, күйзеліске түсірді. Осы сәтте мені қызметтестерім мен топ басшысы қолдады. Сол кезде мен өзімнің бірінші келісімімді жасадым.

Бүгінде сіздің өзіңіздің жеке компанияңыз бар. Жаңа мәртебеңіз туралы естігенде қандай көңіл-күйде болғаныңыз есіңізде ме?

Бірінші болып бұл туралы топ басшысы хабарлады. Бұл күтпеген жаңалық еді. Басында кішігірім топты басқару қиындықтар әкелді. Өзімді қалай ұстау керектігін білмедім. Мұндай сәттерде тез үйренесің, себебі басқа таңдауың жоқ. Қазір менің тобымда төрт адам бар. Қателіктерге бой алдырып, қызметтестерімді жақсырақ танығаннан кейін жеңілдеп қалдым. Топтың әр мүшесіне тапсырма беріп, олардан жұмысқа деген талапты көруге болады. Тәжірибемен өзіңе деген сенімділік те келеді.

NUR.KZ IT-компаниясында менеджердің қандай қасиеттері болу керек?

Сату бөлімінің менеджерлері күн сайын адамдармен байланыс орнатады. Егер сатып алушымен бетпе бет кездескенде сен оларды сырт келбетіңмен баурай алсаң, ұялы телефонмен тек бір даусыңмен еліктіре аласың. Адамды көрмей өзіңе сендіре алсаң, біздің жұмыста жетістікке жетесің.

Евгения Бухинская

Евгения Бухинская

Біздің клиенттеріміздің басым бөлігі - компания басшылар мен HR-менеджерлер. Олардың әрқайсысының тілін таба білу қажет. Rabotanur.kz командасы әр сатып алушыға қолайлы шарттарды қарастырады. Біз әрдайым жұмыс берушілерге жақсы адамдарды табуға көмектесеміз.

Мінсіз менеджер еңбекқор, өзіне сенімді болуы керек. Адамның алдына мақсат қойып, соған жете білгені маңызды.

Біздің ұжым жас. Біз білімімізді жетілдіріп, жаңа мақсаттарға жетуге дайынбыз. Сонымен қатар, жас жұмысшылар - креативті болатынын айта кеткім келеді. "Ү ұрапғы" ештеңеден қорықпайды. Олар мақсатқа жеткіш, өздерінің ойларына сенеді.

Кеңсеге келе жатып, күнімнің жемісті болатынын білемін. Қызметтестер тәжірибесімен бөлсіп, жаңа дүниені үйретіп, жұмысты жақсырақ істеудің жолдарымен бөлісуге даяр.

Егер сіз біліміңізді жетілдіруге тырысып, сату саласында үнемі оқып, дамығыңыз келсе, онда NUR.KZ IT-компаниясы сізге көмектесуге дайын. Түйіндемеңізді rabota@corp.nur.kz поштасына жіберіңіз.

Евгения Бухинская

Евгения Бухинская

NUR.KZ IT-компаниясы – Қазақстандағы ілгері жылжыйтын жоба. Оның бір бөлігі болған қандай?

Біздің компанияда көптеген департаменттер мен жобалар шоғырланған. Мысалы, NUR.KZ ақпараттық сайты, RabotaNur.kz job-қызмет көрсету, NURTV.KZ бейнежүйесі, сондай-ақ "Музыка Нұр"музыкалық қосымшасы.

Біздің жалпы ортақ жиналыстарымызды жаным сүйеді. Барлығымыз кездесіп, жұмыстарымызды қорытындылап, әріптестеріміздің жетістіктері туралы білеміз, өзіміздің де нәтижелеріміз жайлы баяндаймыз. Әсіресе жаңа жобалар туралы естіген қызықты. Компанияның басқа да мүшелерінің Қазақстанда инновациялық дүние жасап жатқанын білген жағымды.

Біздің компаниямыз керемет. NUR.KZ - соңғы трендтерден хабары бар жас және заманауи IT-компания.

RabotaNur.kz job-қызмет көрсету базасында 1.8 млн-нан астам түйіндеме бар. 51 мың тіркелген компания жұмысшыларды іздестіруде. Rabotanur.kz сайтында көрсетілген 22 мың бос орынның ішінде өзіңіздің арманыңыздағы жұмысты таба аласыз. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер үшін Android және iOS платформаларында қолжетімді мобильді қосымша ұсынылған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel