RU
"Болашақ түлегі": Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Болашақ түлегі": Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды. 13 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қаулыға қол қойды. Елорданың жаңа басшысы жайлы қызықты мәліметтерді KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қымбат көлік ұнататын сегіз қырлы, бір сырлы Нұр-Сұлтан әкімі жайында не білеміз

Фото: bko.gov.kz

Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша, Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Қазір 41 жаста.

2000 жылы шұғыл әскери қызметке шақыртылған.

Бірнеше жоғары білімі бар. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің, "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы бас маман ретінде бастап, кейін Бас прокуратура кадрлармен жұмыс бөлімінің қызметін уақытша атқарушы болып істеген.

2003 жылы Астана (қазір Нұр-Сұлтан) қаласының мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Осы лауазымда төрт жыл қызмет еткеннен кейін Көлгінов Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілерін талдау және өңдеу басқармасына басшылық ете бастады.

Бір жылдан кейін "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылы Алтай Көлгінов ҚР Президенті әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы атанды.

2012 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары етіп тағайындалып, бір жылдан кейін Орал қаласының басшысы болып ауысты.

Ал 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалып, бүгінге дейін қызмет етті. Айта кететін жайт, сол кездері Көлгінов ең жас аймақтық басшы еді.

Бір жылдан кейін 2017 жылы Алтай Көлгіновтың басы дауға қалды. Бірнеше БАҚ БҚО әкімі 56 млн теңге тұратын көлік алғанын жазды. Көлік арнайы тапсырыспен жасалып, ең үздік жиынтығымен алынғаны айтылды, Әкімдіктің баспасөз қызметі облыс әкімінде мұндай қымбат көлік қайдан шыққаны жөнінде есеп бере алмады.

Кейінірек Көлгінов мұндай көлікті қайдан алғанын түсіндіре алды. "Ауди А8" көлігі тест-драйв шарттары бойынша жалға алынған болып шықты.

Алтай Сейдірұлын игі істерімен де аймақ тұрғындарының есінде қалды. Мысалы, 2016 жылы Березовка тұрғындарына арналған үй құрылысы кезінде ол қолына қалақша алып, үйлердің бірнеше кірпішін өз қолымен қалаған еді.

Алтай Көлгінов үш тіл меңгерген - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
0
11
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel