RU
Зеленский Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Зеленский Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Фото: Instagarm/tokayev_online, zelenskiy_official

Фото: Instagarm/tokayev_online, zelenskiy_official

Украина президенті хатында Қасым-Жомарт Тоқаевты тек өз атынан ғана емес, Украина халқының атынан құттықтайтынын жеткізді.

Зеленский сайлаушылардың Қазақстан президентіне сенім артуы, оның ел арасындағы беделі зор екенін көрсеткенін атап өтті.

Сонымен қатар Зеленский Украина мен Қазақстан егенмендік пен аумақтық тұтастығын сақтау жолында бір-біріне демеу болып, екі ел арасындағы ынтымақтас одан әрі нығая берметенін атап өтті.

Зеленский қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Украинаға іссапармен келуге шақыратынын айтты.

Украина басшысы сөзін қорытындылай отыра Тоқаевқа мықты денсаулық пен жаңа табыс, оның халқына бейбітшілік пен гүлдену тілейтінін жеткізді.
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel