RU
Ертең 37 жасқа толады: Еліміздегі ең жас министр жайлы қызықты деректер

Ертең 37 жасқа толады: Еліміздегі ең жас министр жайлы қызықты деректер

Рассказать Вконтакте

13 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қызметінен босатылды. Оның орнына Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Асқат Аймағамбетов тағайындалды. Жаңа басшы туралы деректерді KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Ертең 37 жасқа толады: Жаңа Білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов жайлы не білеміз

Фото: ortalyk-kaz.kz

Айта кетейік, БҒМ лауазымына келген жаңа министр жайлы ашық дереккөздерде ақпарат аз.

Асқат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ертең, 14-ші маусымда ол 37 жасқа қадам басады.

Отбасылық жағдайы туралы мәлімет жоқ. Алайда Facebook парақшасында "отбасылы" деп жазылған. "Ұлыммен балық аулап жүргенде" деп жазылған сурет те бар.

Екі жоғары білім дипломы бар. Бір мамандығы "тарихшы, тарих мұғалімі", ал екіншісі "құқықтану".

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған. Ол сол университеттің түлегі екенін айта кеткен жөн. Онда екі жыл еңбек еткен.

Әртүрлі жылдарда "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы, "МЕДИА СП" ЖШС директоры, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін болған.

Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы, білім және ғылым министрлігінің вице-министрі лауазымын да атқарған.

Министр болып тағайындалмас бұрын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2019 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік сала мен ішкі саясат мәселелерін қадағалаумен айналысқан.

Білім беру министрінің орынбасары болған кезде Асқат Аймағамбетов БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп, әлеуметтік желі қолданушыларына БҰТ мән-жайын түсіндіру жұмыстарымен айналысқан.

Сіздің реакцияңыз
0
6
0
1
4
9
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel