RU
"Ластамайық": Қайрат Нұртас дүрліккен елді татулыққа шақырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ластамайық": Қайрат Нұртас дүрліккен елді татулыққа шақырды

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас соңғы уақытта елімізде болып жатқан жағдайға қатысты парақшасында жазба жариялады. Әнші заңсыз митингке шығып дүрліккен халықты сабырға шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram желісінде көпшілікті жұмылып бір болуға, татулықта өмір сүруге үндеу салды. Ол арнайы өлең шумақтарымен сабырға шақырды.

"Қазағым татулық туын құлатпайық, қайғыны отбасына шақырмайық. Біздегі тыныштықты алып келген, билікке қарсы шығып, жиналмайық. Жақсылықпен атырған әрбір таңды, бір күнде қайғы-мұңға батырмайық. Бабалардың тастап кеткен өсиетін, Жұмылып бір қазақтай ластамайық" , - деп жазды Қайрат Нұртас.

Айта кетерлігі, әнші жазбасының астына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың үкіметтен қамалған жандарды босатуды сұрағанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
21
2
2
1
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel