Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Заңсыз митингтер кезінде тоғыз журналист тұтқындалды

Опубликовано:

ІІМ Қазақстанда өткен заңсыз митингтер кезінде тоғыз журналист тұтқындалғанын мәлімдеді. Ақпарат өкілдері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ұсталған. Оған қоса, соққыға жығылған журналистің ісіне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: rus.azattyq.org
Көрнекі сурет: rus.azattyq.org: UGC
"Бізге Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында заңсыз әрекеттері үшін тұтқындалған журналистердің тоғыз оқиғасы белгілі. Алайда, оларда өздерінің БАҚ өкілі екенін айқындайтын белгілері болмады. Журналистердің қолдарында микрофон мен видеокамера болған жоқ. Олар жай ғана ұялы теелфонға түсіріп тұрды.
Оларды тұтқындау мен БАҚ өкілі екенін анықтау фактісі бойынша оларды босату жөніндегі шаралар қолданылды. Бірде бір журналист жауапкершілікке тартылған жоқ" , - деді әкімшілік полиция комитетінің басшысы Мақсат Байболов.

Оған қоса, Алматы қаласында соққыға жығылған Tengrinews тілшісіне қатысты пікір білдірді.

Әрбір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Tengrinews журналистіне қатысты оқиғада полиция әрекетіне баға берілуде. Бұл туралы қосымша ақпарат беретін боламыз" , - деді Байболов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799445-iim-zasyz-mitingter-kezinde-togyz-zurnalist-ttkyndaldy/

pixel