Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қарулы ер адам балаларды тапаншамен қорқытқан (видео)

Опубликовано:

Елордалық тәртіп сақшылары 12 маусым күні Уәлиханов көшесінде балаларға тапанша кезенген 51 жастағы ер адамды тұтқындады. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда қарулы ер адам балаларды тапаншамен қорқытты (видео)
Көрнекі сурет: kaluga.glavny.tv: UGC

Нұр-Сұлтан тұрғын үйлерінің аулаларының бірінде полицейлерге екі жасөспірім жүгіріп келіп, оларға ер адамның тапаншамен қоқан-лоққы көрсеткенін айтқан.

Балалар көрсеткен жаққа патрульды полицияның аға сержанты Руслан Шмидт барып, серіктесіне хабарлаған.

Жағдайды бағалаған аға сержант Руслан Шмидт жекпе-жек тәсілдерін және арнайы құрылғыларды пайдаланып, қолайлы сәт пайда болғанда тәртіп бұзушыны қарусыздандырып, құрықтады.

Сол сәтте серіктесі аға лейтенант Жандос Өзбек те көмекке келіп үлгерген.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәркіленген қару пневматикалық екені анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесі ер адамның мас болғанын көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799446-nr-sltanda-karuly-er-adam-balalardy-tapansamen-korkytkan-video/

pixel