RU

Нұржан Керменбаев жақында Хамитовамен кездесуі мүмкін екенін айтты

Нұржан Керменбаев бұрынғы ғашығы Жанар Хамитованың шығармашылығына қызығушылық танытып жүргенін білдіріп қойды. Әнші 11 жылдан кейін сахнаға оралған экс-сүйіктісінің әндерін тыңдайтынын мойындады. Оған қоса, "қара бала" Хамитовамен кездесуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Керменбаев жанарған Хамитовамен алдағы уақытта кездесіп қалатынын да болжады.

"Сахнаға оралғалы кездескен жоқпыз әлі. Мүмкін кездесіп те қалармыз. Кім біледі? Сахна бар, басқасы бар. Былай сәлеміміз түзу ғой" , - деді Керменбаев.

Әнші бұрынғы ғашығының әндеріне өз бағасын да беріп үлгерді.

"Әнін кішігірім естідім. Бірақ, клипін көрген жоқпын. Әні жақсы. Қазір мен ол кісіге тек қана сәттілік тілеймін, тек сырттай шығармашылықта" , - деп қайырды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799455-sahnasy-bar-baskasy-bar-kermenbaev-zakynda-hamitovamen-kezdesui-mmkin-ekenin-ajtty.html