Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура интернеттің бұғатталуына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Бас прокуратура Қазақстандағы интернеттің бұғатталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы құзырлы органның өкілі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында пікір білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов заңсыз митингтер болған күндері Бас прокуратура интернетті бұғаттауға жүгінбегенін жеткізді.

Бас прокуратура өкіліне сұрақ қойған журналист Қазақстанда интернетті бұғаттау әрекеті үкімет қаулысына сәйкес, тек төтенше жағдай кезінде іске асырылуы керек екенін еске салды.

"2018 жылдың 28 қазанында интернетті бұғаттау тек әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде ғана іске асырылуы тиіс екені жөнінде үкімет қаулысы шықты. Бұл құқыққа прокуратура, ҰҚК, ІІМ және ХҚ ғана ие. Бұл органдар тарапынан желіні бұғаттау болды ма? Және сіз төтенше жағдай болғанын мойындайсыз ба?" , - деп сұрақ қойды Айнұр Коскина.
"Сіз үкімет қаулысы дедіңіз ба? Иә, мұндай қаулы бар. Ол төрт органға белгілі бір өкілеттік береді.
Бас прокуратураға қатысты айтатын болсам, мұндай жағдайда прокуратура өздерінің жақсы білетін уәкілетті органға жүгінеді. Алайда, бұл күндері біздің тарапымыздан мұндай жолданым болған жоқ. Төтенше жағдай болған жоқ" , - деді Нүрпейісов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799461-bas-prokuratura-internetti-bgattaluyna-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel