Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Нұр-Сұлтанға неліктен жаңа әкім тағайындағанын түсіндірді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының активімен кездесу өткізді деп хабарлайды Ақордаға слтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев Нұр-Сұлтанға жаңа әкімді неліктен тағайындағанын түсіндірді
Фото: Ақорда: UGC

Президент қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысын өткізіп, депутаттарға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі лауазымына Алтай Көлгіновтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Шаһар активімен кездесуде президент бұған дейінгі Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Тоқаев Нұр-Сұлтанға жаңа әкімді неліктен тағайындағанын түсіндірді
Фото: Ақорда: UGC
"Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қала әкімі Бақыт Сұлтановты қызметінен босату жөнінде шешім қабылдадым. Алдымен Бақыт Тұрлыханұлына осындай тарихи әрі жауапты кезеңде өзіне артылған сенімді ақтап, тапсырылған міндетті абыроймен атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың жаңа әкімінің алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды. Ол - ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі жоғары жас маман. Батыс Қазақстан облысында бірнеше жыл табысты еңбек етіп, жергілікті халықтың алдында зор беделге ие болды. Оның білімі мен тәжірибесін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы шешім қабылдадым", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев Нұр-Сұлтанға жаңа әкімді неліктен тағайындағанын түсіндірді
Фото: Ақорда: UGC

Қазақстан президенті халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

"Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілетін болады. Жақын күндері тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды шешім қабалданады. Бұл үдерістерден астанамыз қалыс қалмауы керек. Керісінше, әлеуметтік мәселелерді шешу ісінде алдыңғы қатарда жүруі қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799462-tokaev-nr-sltanga-nelikten-zaa-kim-tagajyndaganyn-tsindirdi/

pixel