RU
Орынбасардан әкім болған БҚО жаңа басшысы туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Орынбасардан әкім болған БҚО жаңа басшысы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Ғали Исқалиев бұрын Алтай Көлгіновтың орынбасары міндетін атқарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орынбасардан әкім болған БҚО жаңа басшысы туралы не білеміз?

Фото: elorda.info

Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы бұрынғы Орал облысының Таловский ауылында туған.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Экономист, менеджмент магистрі.

Еңбек жолын Орал маңындағы «Орталық» ШМҒӨК АШК аға сарапшысы болып бастаған. «ТұранБанк» АҚ БҚФ құнды қағаздар және несиелеу бөлімінің бастығы, «Темірбанк» ЖАҚ БҚФ директорының орынбасары, директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ кеңесшісі, басқарма төрағасы, вице-президенті, басқарушы директоры лауазымдарын атқарған.

2012 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, екі жыл еңбек еткен. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласының «Жобаларды дамытуды сараптау орталығы» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы БҚО әкімі орынбасары болып істей бастаған.

Исқалиев қазақ және орыс тілдерін біледі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасылы, екі баласы бар.

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдерімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel