RU
"Жестокий Стамбул" телехикаясының актерлері жайлы не білесіз?

"Жестокий Стамбул" телехикаясының актерлері жайлы не білесіз?

Рассказать Вконтакте

Ағымдағы жылдың көктемінде түрік продюссерлері тағы бір ерекше туындыны қалың көрерменнің назарына ұсынды. Шытырманға толы "Жестокий Стамбул" телехикаясында адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамдық құндылықтар тақырыбы қозғалады. Басты рөлдегі актерлар көрерменді өзіне бірден баурап алған.

Фото: televizyongazetesi.com

Фото: televizyongazetesi.com

"Жестокий Стамбул": Желісі, сценарийі

Жуырда Kanal D телеарнасы көрерменге "Жестокий Стамбул" атты жаңа туындыны ұсынды. Хикаяның әрбір бөлімі апта сайын дүйсенбі күні шығып тұрады. Алғашқы бөлімінен-ақ туынды қалың жұрт назарына ілікті.

Оқиға Босфор теңізінің жағасындағы зәулім сарайда тұратын ауқатты әулеттің төңірегінде өрбиді. Агах Караджай — отағасы, логистикалық компанияның басшысы. Ол бауырының екінші қабаттан құлап, арбаға таңылған ұлына қалыңдық іздестіруді ойға алады. Агах туған бауыры өлім аузында жатқанда оның ұлына жақсылап қарауға уәде беріп, сөзінде тұруға тырысып бағады.

Фото: dizifilm.com

Фото: dizifilm.com

Агахтың жұбайы Шениз күйеуінің бастамасын қолдамай, жүрген жерінде мінезімен адамдардың шамына тиеді. Шениз бен Агахтың бір ұл, бір қызы бар. Әйел адам мүгедек жігітті туған ұлына бәсекелес көріп, одан қалай да құтылуға тырысады.

Үш баланың анасы Сехер Караджай әулетіне тап болып, үй күтушісі қызметіне тұрады. Сехердың тұңғыш қызы Джемре бірден мүгедек жігітпен тіл табысып, оның аяғына тұрып кетуіне бар күшін салады. Бойжеткеннің ойы іске асар ма екен?

Телехикаяның актерлері:

Озан Долунай (Дженк Караджай)

Озан Долуанай 1990 жылы Анталия қаласында дүниеге келген. Ол баскетболмен айналысып, бала күнінен спортқа жақын болып өсті.

Кейінірек ер жетіп, АҚШ-тағы Кливленд жоғарғы мектебінде білім алды. Шетелде сапалы білім алған жігіт отанына оралып, Стамбұл университетінің машина жасау факультетінде оқуын жалғастырды.

Студенттік жылдары жігіт театрдағы қойылымдарға қатыса бастады. Бұл оның өмір жолын айқындады. Озан актерлік шеберлік курстарына қатысып, танымал сахна шеберлерінің тәжірибесін сусындай бастайды.

Актер алғаш рет көрермендердің алдына "Крафт" театрының сахнасында "Killologia" қойылымы кезінде шықты.

Осы уақытта ол бірнеше сыйлыққа ұсынылып, ең үздік ойыны үшін Афифе Джаленің атындағы жүлдеге ие болды.

Ал телеэкраннан жігітті "Милые обманщицы" хикаясынан кейін көру мүмкін болды. Озанның шығармашылық жолы 2015 жылы аталған телехикаядан басталған еді.

2016 жылы "Портящий игру" және "Высшее общество" телехикаяларына түсіп, 2017 жылы "Школьный патруль" хикаясында бой көрсетті.

2018 жылы бірнеше бөлімнен тұратын "Очередь за нами"комедиясында басты рөлді сомдады. Ал 2019 жылы "Жестокий Стамбул" хикаясына түскен.

Беркер Гювен (Недим Караджай)

Беркер Гювен 1994 жылы Измирде дүниеге келген. Стамбұл университетін, кино және теледидар факультетін бітірген. Ол жас актерлерге арналған Юстюн Акмен сыйлығын иегері.

Актер "Йена" атты сахналық спектакльде өнер көрсеткені үшін Садри Алишик сыйлығын да алып, 2017 жылы алғаш рет "Мой отец" фильміне түсті.

Содан кейін актерді режиссерлер байқап қалып, "Ты моя Родина" телехикаясына түсуге шақырған. Аталған хикаяда Беркер Алексей атты кейіпкерді сомдады.

2019 жылы Гювен "Жестокий Стамбул" атты көп бөлімнен тұратын хикаяға шақырту алды. Аталған хикаяда жігіт Недим Краджайдың рөлін сомдады. Сценарий бойынша Недим бала күнінде інісінің іс-әркетінен жоғарғы қабаттан құлап, мүгедек болып қалады. Беркердің інісінің рөлін Озун Долунай сомдайды.

Мине Тугай (Шениз Караджай)

Мине Тугай 1978 жылы Түркияның Конья қаласында дүниеге келді. Стамбұл университетінің актерлік шеберлік факультетіне тапсырып, оны жақсы көрсеткішпен тәмамдайды.

Оқуда жүріп жас актриса театрдағы қойылымдарға да қатысады. Уақыт өте Мине тағы білім алу туралы ойланып, Бахчешехир университетінің актерлік бөліміне түседі. Сол сәттен бастап оның тағдыры шешіле бастайды.

Мине шығармашылық жолында бірнеше телехикаяларда басты рөлдерді сомдаған. Олардың ішінде "Гульбахар", "Алия", "Запах клубники" сынды хикаяларды атап өтуге болады.

Ал 2019 жылы актриса "Жестокий Стамбул" телехикаясында жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдап, өзінің актерлік шеберлігін одан әрі айқындайды.

Дениз Угур (Сехер)

Танымал түрік актрисасы Дениз Угур 1973 жылы Анкарада дүниге келген. Ол опералық әнші Мете Угур мен балерина Суна Угурдың жалғыз қызы.

Дениздің туыстарының арасында Түркиядағы алғашқы сұлулық байқауының жеңімпазы және "Ғаламшар аруы" атанған Кериман Халис, танымал актриса Мелек Кобра, Мұстафа Кемаль Ататүрктің сыныптасы әрі жақын досы Юмню Угур, "Галатасарай" футбол клубының бірінші президенті Тұрған Эдже, танымал биші Диана Мансарт бар.

Ол бірнеше рет тұрмыс құрған.

18 жасында Дениз Угур Стамбул университеті жанындағы Мемлекеттік консерваторияға емтихан тапсырып, театр өнері факультетіне түседі.

2011 жылы актриса "Я назвала ее Фериха" фильмінде бой көрсетті. Қазіргі таңда актрисаның фильмдер қорында 20-дан астам туынды бар.

2019 жылы Дениз "Жестокий Стамбул" телехикаясына түсіп, басты рөлдердің бірін сомдады.

Фикрет Кушкан (Агах Караджай)

Фикрет Кушкан 1965 жылы Стамбұлда дүниеге келді. Фикрет бес баланың ішіндегі жалғыз ұл. 13 жасында әкесінен айырылып, Токат қаласына көшуге мәжбүр болған. 3 жыл өткен соң Стамбұлға қайта оралып, Haskiy Lisesi университетінде білім ала бастады.

Стамбұл университетінің театр консерваториясын бітірді. Фикрет Кушкан "Осенний пожар", "Жизнь продолжается", "Усадьба госпожи", "Двойное счастье", "Ради дочерей", "Непокорный Каратай", "Чемпион" телехикаяларында басты рөлдерді сомдаған.

"Үздік актер" номинациясында 3 рет жеңіске жетті.

Қазіргі таңдаактер "Чудо 2" мен "Жестокий Стамбул" атты екі маңызды жобаға қатысып жатыр. Соңғы телехикаяда ол туған бауырының мүгедек баласына жар табуды мақсат еткен ауқатты Агах Караджайдың рөлін сомдайды.

Бахар Шахин (Ягмур)

Бахар Шахин 1997 жылы Түркияның Артвин қаласында дүниеге келген. 14 жасында актрисаның ата-анасы ажырасып кетеді. Бұл Бахардың Стамбұлға көшіп баруына негіз болады. Сол жерде бойжеткен анасына көмектесу үшін жастайынан жұмысқа араласа бастайды.

Актриса 20 жасқа келгенде оның әпкесі театрда актер болып жұмыс істейтін Уфук Озканға тұрмысқа шыққан. Сол кезден бастап актриса жездесін мақтан тұтып, өмірін өнер саласымен байланыстырғысы келеді.

Бахар алғаш рет "Это моя жизнь" телехикаясына түскен. Арудың сөзінше, аталған жоба ол үшін үлкен сабақ бола алған.

2017 жылы актриса "Школьный патруль" хикаясына түседі. 2018 жылы Бахарды продюссерлер "Богатство" атты киножобаға шақырып, басты рөлдердің бірін ұсынады.

2019 жылы актриса "Жестокий Стамбул" телехикаясында басты рөлдерді сомдайды.

Сера Кутлубей (Джемре)

Сера Кутлубей 1994 жылы Анкарада дүниеге келді. Галич университетінің театр факультетін тәмамдаған. Башқұрт коммуникациялық Ғылымдар академиясында актерлік шеберлік пен дикция сабақтарын алған.

2016 жылы ең алғаш рет "Янтарь" телехикаясына түскен. Актриса мінсіз мүсіні мен көркінің арқасында продюссерлердің назарын аударған. Бұл рөл Сераның мансабын айқындап берді.

2017 жылы ару "Безымянные" хикаясына түсіп, 2019 жылы "Жестокий Стамбул" киножобасында басты рөлді сомдап шықты. Соңғы телехикаяның желісі бойынша Сера ауылдан келген үй күтушісінің қызының рөлін сомдайды. Караджай әулетінің мүгедек баласына қарап, оның аяғанан тұрып кетуіне септігін тигізеді.

Симай Барлас (Дамла Караджай)

Симай Барлас 1998 жылы Түркияда дүниеге келген. О баста сән сахнасында жүрген бойжеткенді продюссерлер киноға шақырып, Вдребезги" телехикаясына түсуге ұсыныс жасаған. Соған қарамастан Симай қатысқан киножобалар кең танымалдыққа ие болып, арудың өнерін қолдайтын жанкүйерлер де пайда бола бастады. Содан кейін актриса "Иногда жизнь прекрасна" атты хикаяға түседі.

2019 жылы ол "Жестокий Стамбул" тележобасына қатысып, кербез Дамланың рөлін сомдайды. Дамла - ауқатты Агах Караджайдың қызы.

Актрисаның мансабы енді ғана қарқын алып келе жатқандықтан, ауыз толтырып айтарлықтай хикаялардың тізімі жоқ. Алайда Симайдың жанкүйерлері арудың өнері оны алға жетелейтініне сенімді.

Идрис Неби Ташкан (Дживан)

Идрис Неби Ташкан 1997 жылы Стамбұлда кәсіби баскетболшының отбасында дүниеге келді. Әкесі Идристи бала күнінен баскетболға баулып өсірді. Дегенмен жігіттің көңілі актерлық мансапқа тартып тұрды. Сол себепті Идрис театралдық училищеге түсуді жөн санайды. Актер еш қиындықсыз дегеніне жетеді.

Идрис ең алғаш рет "Друзья - это хорошо" атты хикаяға түсті. Актердің фильмдер қоры әзірге тола қоймаған, алайда оның жасы мен өнерге келген уақытын есепке алатын болсақ, бәрі әлі алда екенін түсінуге болады.

2018 жылы ол "Госпожа Фазилет и ее дочери" атты телехикаяда басты рөлдердің бірін сомдайды. Сонымен қатар, Идрис күллі әлемге танылған "Великолепный век" телехикаясына түскен. Алайда актер эпизодтық рөлде ғана ойнады.

Қазіргі таңда Идрис Неби "Жестокий Стамбул" телехикаясының түсірілім алаңында жүр. Ол телехикаяда үй күтушісінің ұлы және Караджай әулетінің жүргізушісі болып ойнайды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel