Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайталанбас тұлға": Алматылықтар Денис Тен қаза тапқан орынға гүл шоқтарын апарды

Опубликовано:

Бүгін еліміздің ұлы спортшысы Денис Тен тірі болғанда 26 жасқа толатын еді. Мәнерлеп сырғанаушының өлімінен кейін бір жылға жуық уақыт өтсе де, оңтүстік астана тұрғындары күллі әлемді дүрсілкіндірген қаралы күнді әлі ұмытар емес. Алматылықтар спортшыны құметпен еске алып, ол қаза тапқан орынға гүл шоқтарын апаруда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Алматы тұрғындары таңертеннен бастап, спортшыны өлтіріп кеткен аулаға гүл шоқтарын апарып жатыр. Барлығының жүзінде мұң, қайғы және спортшыға дегнен сағыныш.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Мен Денистің қаза тапқан орнынан оны құрметпен еске алу үшін келдім. Меніңше, мұндай ұлы спортшы туралы тек қазақстандықтар ғана емес, күллі әлем жұртшылығы білу керек. Оның өмірден тым ерте кеткені өкінішіті-ақ. Ол әлі талай шыңдарды бағындыратын еді" , - деді Марина есімді ару.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Бойжеткеннің сөзінше, ол журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Оның үстіне, ол бір жыл бұрын спортшыдан сұхбат алуға дайындалған. Марина тіпті, алдын ала дайындаған сұрақтары жазылған дәптершесін сақтап қойған.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Оның өлімінен екі ай бұрын мен сұхбатқа дайындала бастадым. Сұрақтарды құрастырдым. Бірақ, үлгермей қалдым" , - деді ару.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мәнерлеп сырғанаушыны еске алып келген көпшілік оның нағыз үлгі тұтар тұлға болғанын айтуда.

Сонымен қатар, KAZ.NUR.KZ тілшілері балабақшада Денис Теннің тәрбиешісі болған әйелдің немересіне тап болды.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Біз таныс емеспіз. Бірақ, менің апам Денис барған балабақшада қызмет етті. Әжем ол басқа топқа өтпес бұрын, оны тәрбиелеп бақты.
Ол туралы ешкім және ешқашан жаман нәрсе айтпаған. Көпшілік оны өмірді қатты жақсы көрген адам ретінде білді. Қайғыға ортақпыз. Ұлы әрі қайталанбас тұлға кетті бізден" , - деді Ирина есімді қыз.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1799485-kajtalanbas-tlga-almatylyktar-denis-ten-kaza-tapkan-orynga-gl-soktaryn-aparuda/

pixel