RU
БҚО жаңа әкімінің әкесі дәл осы өңірді басқарған болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

БҚО жаңа әкімінің әкесі дәл осы өңірді басқарған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ғали исқалиевтің әкесі бұған дейін дәл осы өңірді басқарған болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғали Исқалиев пен Нәжімеден Исқалиев. Фото: bko.gov.kz, zhaikpress.kz

Ғали Исқалиев пен Нәжімеден Исқалиев. Фото: bko.gov.kz, zhaikpress.kz

Ашық деректердегі мәліметтерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысы жаңа әкімінің әкесі 90 жылдары еліміздегі екі облыстың басшысы болған мемлекеттік қайраткер Нәжімеден Исқалиев болып шықты.

Ол 1992 жылдың ақпанына бастап, 1993 жылы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облыстық әкімшіліктің жетекшісі болған. Ал 1993 жылдың қаңтарынан қарашаға дейін Көкшетаулық облыстық әкімшілікті басқарды.

Оған қоса, Нәжімеден Исқалиев мемлекеттік қызметтің ішкі саясат саласында да қызмет етті. 1994 жылыдң ақпанынан 1999 жылға дейін ол Өзбекстан, Тәжікстан мен Украина елшісі болды.

Айта кетейік, бұған дейін БҚО жаңа әкімі болып Ғали Исқалиевтің тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз. Ол бұл қызметте Алтай Күлгіновтің орнын басты. Бұрынғы БҚО басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болды.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel