Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұлтанов қайда кетті": Елордалықтар су жаңа әкім Көлгіновті қалай қабылдады?

Опубликовано:

Күні кеше ғана елордаға жаңа әкім тағайындалып, қала тұрғындары кенеттен болған жаңалыққа абдырап қалған еді. Былтырғы жылы Әсет Исекешевпен қимай қоштасқан тұрғындар Бақыт Сұлтановқа да үйренісіп қалған екен. Ал олар жаңа әкім Алтай Көлгінов жайлы не біледі? KAZ.NUR.KZ тілшісі аталмыш сауалды тұрғындарға жолдап көрді.

Коллаж: NUR.KZ
"Коллаж: NUR.KZ: Original

Блиц-сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі Алтай Көлгіновті көп білмейтін болып шықты. Олар тек әкімнің кеше тағайындалғанын естіп, оңтүстіктің тумасы екенін біліпті.

"Түркістаннан, былайша айтқанда "шымкентский" деп естідік", "Елорданы бірінші рет шымкенттік басқаратын болды", "Естуім жоқ", "Кім болса да жұмыс істесе екен", "Қаланы қалай басқаратынын көреміз", - деп жауап берді олар.

Сол сияқты тұрғындардың кейбірі оның еліміздегі ең жас мемлекеттік қызметкерлердің бірі екенінен хабардар болып шықты.

"Жас әкім ғой деймін", "Жас келсе іске дейді, жұмыс істеу керек", "Жас болса да БҚО-да жақсы жұмыс істеген екен", "Бәрін уақыт көрсетеді" , -деп жауап берді олар.

Ал кейбірі тіпті елордада әкім ауысқанмен, түйткілді мәселелер шешімін таппайтынын айтып қалды.

"Әкім ауысады, бірақ не пайда? Екіншісі келіп біраз отырып, қайта кетеді. Тек Исекешев жақсы жұмыс істеді-ау деймін. Келмей жатып тон пішпейік, біраз уақыт керек әлі, бәрі белгілі болады", - деді қала тұрғындарының бірі.

Бір қызығы, сауалнамаға қатысушылардың арасында бұрынғы әкім Бақыт Сұлтановты қимағандар, жаңа әкімнің келгенін білмегендер де болды.

"Сұлтанов қайда кетті?", "Былтырғы есеп беруінде біраз мәселені шешемін деп еді, кетіп қалғаны қиын болған екен", "Әкім ауысқанын білмейді екенмін", "Естіген жоқпыз", - деп жауап берді олар.

Айта кетейік кеше еліміздің бас қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылып, оның орнына БҚО-ның бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов сол қызметке жайғасқан еді. Ол еліміздегі облыс басшыларының ішіндегі ең жас әкім және "Болашақ" бағдарламасының стипендианты болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799499-symkentskij-eken-elordalyktar-su-zaa-kim-klginovti-kalaj-kabyldady/

pixel