RU
"Мұндай сұлулыққа айна да шыдамады": Димаш ерекше суреттерімен бөлісті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Мұндай сұлулыққа айна да шыдамады": Димаш ерекше суреттерімен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасына жаңа видео жүктеп, алғашқы альбом үшін түсірілген фотосессияның backstage суреттерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке альбомы 14 маусым күні, яғни ертең шығады. Бұл туралы әнші 24 мамырда өткен туған күнінде жариялаған болатын.

Жуырда Димаш фотосессиясының бэкстейджін көрсетіп, табынушыларының көңілін алаңдатып, қызықтырып қойды.

Әншінің сүйікті табынушылары пікірлерді жаудырды.

"Димаш, кешір, бірақ сенің сұлулығыңа айна да шыдамады. Қарашы, қалай сынып кетті", "Ән салдың, енді міне түн бойына ұйқым қашты. Жаным сезім толқыныстарына толды. Димаш, сен ғажап түстейсің! Ұзаққа созылсын бұл ұйқы! Сөз таба алмай әлекпін... жаным, жашым шарықта! Басқа әлемде дауысың - жол сілтеушіме айналды", "Кереметсің. Өте кереметсің", - деп жазды табынушылар.

Еске сала кетейік, Димаш Муз-ТВ 2019 жүлдесіне барған болатын.

Алайда әншінің образы табынушыларына жақпай қалды.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel