Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсылықтың нышаны": Тоқаев Бішкекте Жээнбековпен кездесті

Опубликовано:

Қасым-ЖомартТоқаев Бішкекте Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі өзінің алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда: UGC
"Ұлықтау рәсімінен кейінгі Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру" , – деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков. Фото: Ақорда: UGC

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1799516-zaksylykty-nysany-tokaev-biskekte-zeenbekovpen-kezdesti/

pixel