RU
Алматының орталығында атақты вайнердің көлігін тонап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматының орталығында атақты вайнердің көлігін тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыда Yuframe тобының вайнері Карина Өксікбаеваның көлігін тонап кетті. Бойжеткен ұрылардың ерсі әрекетін Instagram желісі арқылы көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/oksukpaevak

Фото: instagram.com/oksukpaevak

Карина жариялаған видео кадрынан ұрылардың екі көліктің терезесін де сындырып кеткенін байқауға болады. Ол бұл мәліметті өзі де растады.

"Өкінішті, барлығын тонап кетті. Мен екі көлікті де сындырғанына таңғалып отырмын. Полиция әлі келмей жатыр. Олар "Қайда тұрасыз, не болып қалды, қашан болды" деп сұрайды да, телефон тұтқасын тастай салады", - деп вайнер құқық қорғау органдарына шағымданды.

Ол кейінірек Instagram желісіндегі парақшасында тәртіп сақшыларының оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын салды.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, полиция қызметкерлері қылмыс дерегін тіркеді.

"Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады. Аталған қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін, шұғыл шаралар кешені қабылданады", - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
Сіздің реакцияңыз
1
1
5
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel