RU
"Қаржыландыру болмады": Фируза Шәріпова алдағы жекпе-жегіне шықпайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Қаржыландыру болмады": Фируза Шәріпова алдағы жекпе-жегіне шықпайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы Фируза Шәріпованың ресейлік Юлия Куценкомен реваншы өтпейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Өкінішке қарай, 16 маусымдағы жекпе-жегім өтпейтін болды. Себеп қаржыландырудың болмауы. Осынау ірі шара аясындағы әрі осындай маңызды титулдар үшін кездесудің кезекті рет өтпей қалуы өте өкінішті. Бізге бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионының белбеулерін санкциялау үшін қаржылай қолдау көрсетілетіні уәде етілген еді. Біз дайындық жұмыстарына ақша шығындадық. Бірақ барлығы бекер болды", - деді ол.

Спортшы қыз өзінің командасына, соның ішінде бапкерлік штабқа, шарт жасаған менеджер Сергей Завилевскийге үлкен алғыс білдіретінін жеткізді.

Әлем чемпионы толық мән-жайды алдағы уақытта айтып беретінін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel