Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің экс-бапкері оның соңғы жекпе-жегін қарамағанын айтты

Опубликовано:

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегін қарамағанын мойындады. Оған қоса, мексикалық жаттықтырушы GGG-дің Стив Роллспен өткізген кездесуі аса қызық болмаған шығар деп болжады деп жазады Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:boxingscene.com
Фото:boxingscene.com: Facebook
"Шын айтса, мен Головкиннің Роллспен өткізген жекпе-жегін қараған жоқпын. Ол кездесу Джошуа мен Руистің жұдырықтасуы секілді қызық болды деп ойламаймын. Мен өзім рахаттана қарайтын, немесе менің боксшыларымның болашағына қатысы бар жекпе-жектерді тамашалаймын.
Жалпы айтқанда көп жекпе-жек қарамаймын. Геннадий туралы айтатын болсақ, мен ол туралы есептерді оқыдым. Ол 23 мәрте қатарынан нокаут жасап, 20 мәрте чемпиондық титулын қорғап шыққан спортшы. Алты апта дайындалып, Роллспен жекпе-жекте не істей алады? Ол Геннадий Головкин болып үйреніп қалған. Бұл кездесуде де ол Головкин болған шығар" , - деді Абель Санчес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799571-golovkinni-eks-bapkeri-ony-sogy-zekpe-zegin-karamaganyn-ajtty/

pixel