RU
"Отанына сатқындық жасады": Әзірбайжан журналисі тұтқынға алынды
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Отанына сатқындық жасады": Әзірбайжан журналисі тұтқынға алынды

Рассказать Вконтакте

Әзербайжанда журналист қызметін атқаратын Полад Асланов тұтқынға алды. Оған "отанына сатқындық жасады" деген айып тақты. Бұл жөнінде елдің мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мәлімдеді деп жазады Centralasian.org.

2p3h,f

Фото: www.centralasian.org

Асланов - xeberman.com және press-az.com ақпараттық сайтының құрылтайшысы мен бас редакторы.

Тергеушілердің мәліметінше, журналист шетелдік арнайы қызмет өкілдерімен құпия кездесіп, олардан сыйақы алып тұрған.

Құқық қорғаушылар Әзербайжанда журналистердің билік тарапынан қуғындалатынын үнемі айтып келеді.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының рейтінгісі бойынша, 2019 жылы Әзербайжан сөз бостандығы жағынан 180 елдің ішінде 166-орынға шыққан.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel