Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ана атанған Шардарованы актер күйеуі мен достары перзентханадан шығарып алды (фото,видео)

Опубликовано:

Бауыржан Сатов жары Альбина Шардарова мен жаңа туған қызын презентханадан шығарып алды. Жақында ғана алғаш рет ата-ана атанған жұлдызды жұптың қуанышына өнердегі достары да ортақтаса келген. Отандық актер өзіне перзент сыйлаған әйеліне үлкен гүл шоқтарын тарту етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қызды болған шоу-бизнес жұлдызы сүйіктісі мен қызын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды.

Альбина Шардарованың үйіне қайту шарасы нағыз концерт іспеттес болған.

Арнайы шақыртылған музыканттар түрлі әндер шырқап, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады.

Сатовты қолдап барған достары да құр қол келмей, жас анаға гүл шоқтары мен өз сыйлықтарын тарту еткен.

Бауыржан Сатов өміріндегі ерекше күн туралы Instagram парақшасында жазба қалдырып, құттықтап келген жақындарына алғысын білдірді.

"Қыз бала əкесіне жақын болады" демекші, менің тұңғышым, менің көзімнің ағы мен қарасы сыйлаған алтын қызымды перзентханадан шығарып екі езуім құлаққа жетіп, бақыттан басым айналды.

Ағайын, мен - әкемін! Ағайын, менің қызым бар!

Аллаға мың тағзым, мың шүкір! Бақытымыз баянды, қуанышымыз ұзағынан болсын! Үкілеген үмітіміз - бала-шағамыздың қызығын көруді жазсын!

Бəріңізге мен кешкен сезімді кешуді бұйырсын! Тілектеріңізге, таза көңілдеріңізге көп рахмет! Сіздерге еселене бұйырсын" , - деп жазды жас әке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799578-satov-kelinsegi-albina-men-sbiin-perzenthanadan-sygaryp-aldy-fotovideo/

pixel