RU
Димаш Құдайбергеннің тұңғыш жеке альбомы 37 секундта платиналы болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің тұңғыш жеке альбомы 37 секундта платиналы болды

Рассказать Вконтакте

Күллі әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергенннің алғашқы жеке альбомы жарыққа шықты. Әлемді ғажайып даусымен таңғалдырып жүрген жұлдыздың ән жинағы небәрі 37 секундта-ақ платиналы болған. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық әнші тұңғыш жеке альбомын шығарып үлгерместен, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Димаштың ән жинағы бір сағатта үш мәрте платиналы болып үлгерген.

Әртіс альбомның сәтті шығуы тыңдармандарының арқасы деп біліп, оларға өз алғысын білдірді.

"Бір сағат бұрын менің тұңғыш жеке альбомым жарық көрді. 37 секунд ішінде ол платиналы болды. Ал араға бір сағат тастап, ол үш мәрте платиналы альбом атанды. Мен өте бақыттымын. Мені өнер жолында үнемі қолдап жүрген барша тыңдармандарыма алғысым шексіз. Менің әрбір жетістігім сіздердің арқаларыңыз" , - деп жазды Димаш Құдайберген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
38
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel