RU
Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі елорда тұрғындарына мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі елорда тұрғындарына мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына күні кеше тағайындалған жаңа әкім Алтай Көлгінов бас шаһар тұрғындарын өз өтініштері мен ұсыныстарын әлеуметтік желілер арқылы білдіруге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Клгінов

Алтай Көлгінов. Фото: www.facebook.com/altay.kulginov.3

Бұған дейін Instagram және Twitter желісіне тіркелген ол енді Facebook-тен жеке парақшасын ашты.

"Құрметті достар! «Twitter» және «Instagram»-нан бөлек, қолданушысы көп «Facebook» әлеуметтік желісінен де жеке парақшамды ашуды ұйғардым.

Цифрлық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда әлеуметтік желілер – тұрғындардың жедел ақпарат алып, жаңалықтармен бөлісетін бірегей диалог алаңы әрі, тиімді байланыс құралы екені сөзсіз.

Әлеуметтік желілер арқылы елорда халқы менімен байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғындар тарапынан келіп түскен барлық өтініштер мен ұсыныстар міндетті түрде қарастырамыз.

Бірлесе жұмыс жасауға және ашық диалог орнатуға әрқашан дайынмын. Қаламызды жайлы, мықты, гүлденген және бұдан да әдемі болуына бірге атсалысайық!", - дейді елорда әкімі алғашқы жазбасында.

Айта кетейік, кеше еліміздің бас қаласын басқарған Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылып, оның орнына БҚО-ның бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов сол қызметке жайғасқан еді.

Ол еліміздегі облыс басшыларының ішіндегі ең жас әкім және "Болашақ" бағдарламасының стипендианты болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel