Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдыз өлтірмесін": Жолдыбаевамен вальс билеген Айқын желіні шулатты

Опубликовано:

Айқын Төлепберген концерт кезінде Кәмшат Жолдыбаевамен құшақтасып, вальс билеген видеосын жариялады. Өз жарының бұрынғы әріптесін ел көзінше биге шақырған әнші желіде қызу талқыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Бірінші әйелінен ажырасып, "Кешьюлік" Жұлдыз Өмірғалимен отбасын құрған отандық жұлдыз тағы да елді шулатты. Бұл жолы Айқын аталмыш топта әйелімен бірге ән салған Кәмшат Жолдыбаевамен сахнада би биледі. Елдің көзінше болған сәтті ол Instаgram парақшасында жариялаған.

Оған қоса, бейнежазбада әнші шоу-бизнес сылқымын вальске өзі шақырып, "Кешьюдің қыздары әдемі негізі" деп айтқанын аңғаруға болады.

Құшақтасып би билеген қос жұлдыз желідегілер арасында қызу талқыланды. Көпшілік енді Кәмшат пен Айқынды жұп деп болжап, екі мәрте үйленген әртісті сынға алды.

"Әдемі болса, тағы біреуін алсаңшы" , "Акция болып жатыр ма? Тағы біреуін ал" , "Кәмшатты алсай Айқын" , "Тағы біреуіне көз салып жүргенсің ғой онда" , "Жұлдыз өлтірмесін" , "Әйтеу артынан осыға үйленіп жүрмесе болғаны" , "Жұлдыз көріп, қандай күйде болды екен?", "Кешью қыздарына тағы көзің түсіп жүр ме?" , "Жұлдыз бұған не дейді екен" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799584-zldyz-ltirmesin-zoldybaevamen-vals-bilegen-ajkyn-zelini-sulatty/

pixel