RU
Солтүстік Қазақстан облысының әкімін экс-қызметкері сотқа берді
Жаңалықтар Қоғам

Солтүстік Қазақстан облысының әкімін экс-қызметкері сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Облыстық этика кеңесінің ұсынысымен қызметінен кеткен Тайыншы ауданының бұрынғы басшысы Владимир Дудов СҚО әкімі Құмар Ақсақаловты сотқа берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: news.tut.by

Көрнекі фото: news.tut.by

БАҚ мәліметінше, Дудов мемлекеттік қызметте 15 жыл істеп, басшылық лауазымдарды атқарған.

Оның 2014 жылы Ғабит Мүсірепов ауданы әкімі лауазымы кезінде жемқорлықтың екі эпизоды бойынша Ұлттық бюроның назарына іліккені айтылды.

Басылым екі жағдайда да бюро қызметкерлері аудан басшысынан ешқандай қылмыстық іс таппағанын, бірақ материалды облыстық этиканың кеңесіне жібергенін жазды.

Облыстық этика бойынша кеңес Дудовтан мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқық бұзушылық белгілерін анықтаған. Ведомство көпшілік дауыспен оны жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Бұл шешім Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Мемлекет басшысының әкімшілігі келісімінен кейін іске асты.

Осыдан кейін Дудов алдымен этика жөніндегі кеңесті, содан соң СҚО әкімін сотқа берді. Бірақ бұрынғы аудан басшысы сотта жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel