Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таксиге мінген шетелдік азаматты тонап кеткен шымкенттік жігіттер ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысында шетел азаматын тонап кеткендер құрықталды. Жәбірленуші азамат Шымкенттегі Колос аялдамасынан такси тоқтатып, Сарыағаш ауданындағы шекараға дейін жеткізіп тастауды сұраған. Таксиде тағы екі жолаушы болған деп хабаралйды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

тонап
Көренкі фото: vistanews.ru: Depositphotos

Ештеңеден секемденбеген шетелдік жігіт көлікке отырған. Бірақ Қазығұрт ауданына жетпей таксист көлігін басқа бағытқа бұрып жіберіпті.

"Аудидегі" екі жолаушы оның сыбайласы боп шыққан. Үшеуі жабылып көрші елдің азаматын ұрып-соғып, жол сөмкесі мен 300 000 теңгесін тартып алады.

Сөйтіп жәбірленушіні айдалаға тастап таксист сыбайластарымен оқиға орнынан бой тасалаған.

"Аталған жайт, Қазығұрт АПБ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау»​ бойынша СДТБТ-не тіркелді. Сақшылар қылмысты дер кезінде ашу мақсатында және шетел азаматының үйіне оралуына көмектесу үшін, Түркістан облысы Криминалдық полиция қызметкерлері мен ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларының арасынан тергеп-тексеру тобын құрды.
Тәжірибелі мамандар ауданнан шығар аймақтарды, жәбірленушінің жүрген жолы мен мінген көлік аймағын тыңғылықты тексеріп, жүргізушілерден сұрастырып, куәгерлерден сұрақ-жауаптар алу секілді қажетті шаралардың барлығын атқарды", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шетелдікті тонаған күдікті үш азаматты тәртіп сақшылары анықтаған.

Олар бір сыныпта бірге оқыған жергілікті тұрғындар боп шықты. Біреуі бұрын да сотты болған. Полицейлер күдіктілерді үйінен ұстап алған.

Олар қылмыстық жолмен тапқан ақшаны жаратып та үлгермеген екен. Қазір күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр.

Жолда тоналған шетелдік азамат тәртіп сақшыларының жедел іс-әрекетіне риза болып, алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1799611-taksige-mingen-seteldik-azamatty-tonap-ketken-symkenttik-zigitter-staldy/

pixel